Тасболат Тәжиев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тасболат Тәжиев (1908, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленин ауданы Жаңабазар аулы) - ақын. Қазығұрт төңірегіне белгілі Төлеш акынның шәкірті болған. 1934 - 1941 ж. Шымкенттегі қазақ драма театрьінда, Ташкент облысы филармониясында қызмет істеген. 1941 - 1945 ж. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Жауынгерлер арасында "Алпамыс", "Қобыланды", "Ep Тарғын" дастандарын айтқан. "Қызыл сұңқар", "Адамның жауы Гитлер" жырларын жазған. "Сәлем хат" өлеңін жерлестері жатқа айтып жүрген. Соғыстан кейінгі жылдары "Құмсан" балалар үйінде көркемөнерпаздар үйірмесіне жетекшілік еткен.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify