Тасболат Мерекенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тасболат Мерекенов

1950 жылы 9 қаңтарда Талдықорған облысы Андреев ауданының Екпінді ауылында туған. Қазақ.

Әкесі - Мерекенов Тасболат (1924 жылы туған ). Анасы - Мерекенова Нұржамал (1928 жылы туған ).

Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының экономика факультетін (1976), «Кино және телевизия экономикасы» мамандығы бойынша бітірген.

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1976 жылдан - «Қазақфильм» киностудиясы көркем фильмдер директоры, продюсері (қазіргі - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ); «Медетфильм» студиясының директоры.

С. Райбаевтың «Әнші аралдың құпиясы» (1979), А. Қарсақбаевтың «Балалық шақтың кермек дәмі» (1981), С. Апрымовтың «Соңғы аялдама» (1990), А. Шәжімбаевтың «Жансебіл» (1991), С. Тәукеловтың «Батыр Баян» (1993), А. Әмірқұловтың «Абай» (1995), С. Нарымбетов «Ләйләнің зары» (2000), Т. Теменовтың, И. Пассердің, С. Бодровтың «Көшпелілер» (2004), Д. Манабайдің «Кек» (2005), Ф. Шлендорфтың «Ұлжан» (2006), Е. Тұрсыновтың «Келін» (2007), Э. Уразбаевтың «Прыжок Афалины» (2009), Р. Әбдірашевтың «Балалық шақтың аспаны» (2010) фильмдері; Ә. Шәжімбаевтың «Алжир» деректі фильмі (1989); Б. Ғабитовтың «Қамшы» сатирикалық киножурналы (1982) фильмдердің директоры және продюсері.«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған (1970). Мәдениет қайраткері (2002). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2006).

Діни көзқарасы - мұсылман.

Саяси қайраткер рөтіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Дамыған зайырлы және демократиялық мемлекет».

Хоббиі - футбол.

Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық, тарихи, ғылыми-танымдық әдебиет.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub