Тарих-и-Лематий Аббаси

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тарих-и-Лематий Аббаси - парсы тарихшысы Ескендір Муншидің (1560-1634) шығармасы.

Тарихы мен құнды деректер

Онда Иран шаһы Аббас I билік құрған кезең (1587-1629) тарихын баяндайды. «Тарих-и-Лематий Аббаси» 3 томнан тұрады. Алғашқы томда Аббас I генеологиясы мен оның бабаларының тарихы; 2-томда шаһ Аббас I патшалық тарихы; 3-томда шаһ Аббас I патшалық тарихының соңғы кезеңі, атақты адамдар өмірі жазылған. Еңбекте XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың орта шеніндегі Орта Азия мен Қазақстанның тарихына байланысты деректер мол. Ол деректер тарихшы В.В.Вельяминов-Зерновтың шығармаларында жекелей пайдаланылған.

Кітап болып шығуы және аудармалары

«Тарих-и-Лематий Аббаси» жеке кітап болып шыққан, түрік тіліне аударылған нұсқасы да бар. Оның жекелеген үзінділері орыс тіліне аударылған.<ref> Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 560 бет </ref>

Дереккөздер

<references/>