Тапсырмаларды басқару
Тапсырмаларды басқару (Управление заданиями; job control) — 1) тапсырмаларды жоспарлаушы адаммен орындалатын және тапсырмаларды оқу мен түсініктеме беруден, жұмыстарды жоспарлаудан, бастау мен аяқтаудан тұратын операциялық жүйенің қызметі; 2) операциялық жүйенің тапсырманы фондық режімде арнайы командаларсыз-ақ орындауы. Компьютердің осы режімдегі жұмысы аяқталмай-ақ, басқа командаларды енгізіп, онымен қатарласа жұмыс жасай беруге болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.
– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>
Дереккөздер
<references/>