Танымал беткей

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Танымал беткей – тау жыныстары жиынтықтарының арасында өзінің литологиялық өзгешеліктері, түрі, түсі, құрамы, органикалық қалдықтардың нақтылы түрлерін кіріктіру мүмкіндігі т. с. с. өзіне ғана тән бірегей сипаты тұрғысынан анық ерекшелене отырып, алыс-алыс қашықтықтарға сағаланатын, яки аукымды кеңістік өңірінде дәйім ұшырасып қалып отыратын, сондықтан да зерттеуші әрдайым жазбай танитын тау жынысы кабаты.<ref>Н. Сенатов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.— Алматы: Қазақстан, 1996, ISBN 5-615-01738-4</ref>

Т. Б.-лерді даралау геологиялық түсірім жұмыстарында, баска да геологиялық зерттеулер барысында тау жыныстары қималарын сағалау жане салыстыра сәйкестіру шараларын табысты түрде жүзеге асыруға көмектеседі.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}