Тандыр нан
Тандыр нан — Орта Азияның ұлттық наны.
Ішкі Азия елдерінде (қырғыздарда, қазақтарда, ұйғырларда, өзбектерде, тәжіктерде) тандыр нан, ұлттық қолданба болған — тандырда пісіріледі. Тандыр нанның құрамына — бидай ұны, су, ашытқы, қаймақ, маргарин, түрлі дәндер, күнжіт, көкнәр және т.б. қосылады.
Негізінен тандыр нанның өзін түрлі тағамдармен (палаумен, сорпамен т.б) жейді. Тандыр нанды ыстық кезінде қаймақ, сары маймен жегенде дәмді болады.
Тандыр нанды жасаудың көп түрі бар, әр ұлт өзгеше дәмді пісіреді <ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Жайылған қамырды түбі жалпақ, ауыз жағы кішірек, кірпіштен күмбездеп салынған тандыр пешінің қызған қабырғасына жапсырып пісіреді. Қазір қалаларда жұртшылыққа қолма-қол ыстық нан пісіріп беру үшін осы тандыр пешінің газбен қыздырылатын үлкен түрлері пайдаланылады. Ашыған қамырдан пісірілген тандыр нан үлпілдеген жұмсақ, өте жеңіл болады.<ref>Сегізбайұлы Кәдірбек. С30 Қазақы дастарған – Алматы: ”Атамұра”, 2011. - 192.</ref>
Тағы қараңыз
Тандыр-нанның бірнеше түрі Алматы.
- Tokach nan.JPG
Тоқаш-нан немесе (tokash nan)
- Pitir nan.JPG
Кішкентай пітір-нан немесе Пәтір-нан (pitir nan)
- Pitir nan2.jpg
Үлкен пітір-нан немесе Пәтір нан (ulken pitir nan)
- Uyghur chon nan.JPG
Үлкен нан(ulken nan)