Тана Тілемісұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тана Тілемісұлы - ел ішінде Тана мырза деген атпен мәлім атақты мырза әрі би. 1803 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Ақсуат өңірінде дүниеге келген. Жасынан мұсылманша сауат ашқан ол ел билігіне ерте араласқан. 1842 жылы Мұрын-Назар болысының басқарушысы болған. Тана мырза салдырған елдегі алғашқы білім ордасы "Ақ мектеп" орны әлі күнге дейін бар. Өзі билік жүргізген елде суармалы жерлерге егін ектірген, елді өнер-білімге баулып, мешіттер салдырған. 1849 жылы Көкпекті округіне ғылыми зерттеумен келген инженер А.Влангалидің, 1863 жылы К.Струве мен Г.Потаниннің экспедициясына қатысып, жолбасшы болған. Бұл жөнінде осы аталған ғалымдардың жолжазбаларында айтылады. Патша өкіметінен поручик шенін алып, Анна лентасымен марапатталған. 1868 жылы осы өңірде, Сұлутал ауылының маңында қайтыс болған. Көкпекті ауданының орталығы Көкпекті ауылында Тана мырзаның атында мешіт бар. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы бір ауыл қазір Тана мырза ауылы деп аталады. <ref>«Шығыс жұлдыздары» энциклопедиясы, «Фолиант» баспасы, 1-ші том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер