Танаш Дәуренбеков
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Танаш Дәуренбеков (20. 6.1927, Сырдария ауданы – 2000, Алматы) – жазушы.
- Қызылорда педагогикалық институтының (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) филологиялық факультетін бітірген (1949).
- 1943 – 1945 жылдары Сырдария ауданына қарасты «Октябрь», «Ортақшыл» орта мектептерінде мұғалімдік қызметте болды.
- «Бір түйменің әлегі» атты балалар өміріне арналған әңгімесі 1963 жылы жарық көрген.
- 1961 – 1963 жылдары «Қазақстан пионері» газетінде бөлім меңгерушісі,
- 1964 – 1966 жылдары «Жазушы» баспасының редакторы,
- 1966 – 1967 жылдары «Білім және еңбек» журналдарында жауапты қызметтер атқарған. Халық ағарту ісінің озаты белгісімен, медальдармен марапатталған.
Шығармалары
- Бір түйенің әлегі. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1963;
- Сыр балалары. Повесть. А., «Жазушы», 1964;
- Он бес жыл өткен соң. Повесть. А., «Жазушы», 1965;
- Өкіл әке. Повесть. А., «Жазушы», 1996;
- Көшпелі емхана. Суретті кітапша. А., «Жазушы», 1966;
- Ежелгі достар - құмырсқа мен қүстар. Суретті кітапша. А., «Жазушы», 1969;
- Біз әлі кездесеміз. Роман. А., «Жазушы», 1971;
- Кездескен деген осы. Роман. А., «Жазушы», 1974;
- Сүмбіле. Повестер. А., «Жалын», 1977;
- Таң атын келеді. Роман; Ливень. Роман. А., «Жалын», 1982;
- Күміс қырау. Повестер. А., «Жазушы», 1988.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>