Тамара Сәлімқызы Жақыпова
Тамара Сәлімқызы Жақыпова - 1953 жылы 14 қаңтарда Қостанай облысы Таран ауданының Нелюбинка кентінде туған. Қазақ. Әкесі - Жақыпов Сәлім Шәймерденұлы, марқұм, ¥ОС қатысқан, Қызыл Жұлдыз, ¥ОС ордендерінің иегері, «Ерлігі үшін» (1938), «Варшаваны азат еткені үшін» (1945), «Берлинді алғаны үшін» (1945) медальдарымен марапатталған, аудандық мал дәрігерлік стансаның бастығы болған. Анасы - Жақыпова Кәмила Кенжеғалиқызы, марқұм, мұғалім болып жүмыс істеген.
Хронологиясы
- Қостанай педагогикалық институтының тарих-филология факультетін (1974) орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы мамандығы бойынша;
- Алматы жоғары партия мектебін (1988) саясаттанушы мамандығы бойынша;
- Ресей басқару академиясын (Мәскеу қ., 1992) бітірген.
- Философия ғылымдарының кандидаты. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Саясат пен ізгіліктіліктің өзара қарым-қатынасы (тарихи-философиялық аспекті)» (Ресей, 1992). Доцент.
- «Саясат пен мораль» (Мәскеу қ., 1992), «Этносаясат: жаңғыртудың өркөниеттік аспектісі» (1998), «Қоғам: қоғамдық үдерістерді ғылыми талдаудың әдістемесі» (2001), «Сұхбаттастық - қоғамның алға ілгерілеуінің негізі» (2005) монографияларының, сондай-ақ 50-дан астам мақаланың, соның ішінде «Еуразияшылдық интеграцияның факторы ретінде», «Өркениетті қарым-қатынастардың диалогтық мәдениеті», «Қазақстанның саяси жүйесі», «Қазақстанның саяси жүйесі:мағыналар мәселесіне орай», «Ахмет Байтұрсыновтың идеялары қазіргі замандық Қазақстанның ақиқат айнасында», т.б. еңбектердің авторы.
- Орыс және неміс (сөздікпен) тілдерін біледі.
- 1974 жылдан - Май орта мектебінде орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі.
- 1978 жылдан - партия органдарында қызмет атқарған.
- 1978 жылдан - Қостанай облысы Таран ауданы аудандық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы;
- 1982 жылдан - меңгерушісі.
- 1983 жылдан - Қостанай облысы Таран ауданы облыстық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы Қарасу аудандық комитөтінің хатшысы.
- 1987 жылдан - Қазақстан Компартиясы Қостанай облыстық комитетінің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі.
- 1989 жылдан -Ресей басқару академиясының күндізгі аспирантурасында оқыған.
- 1992 жылдан - философия кафедрасының доценті, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің коммуникациялық менеджмент кафедрасының меңгерушісі.
- 2005 жылдан бері - Қостанай облысының Ішкі саясат басқармасының директоры.
Жетістіктері
- ҚР Президенті жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі (2005-2007).
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен (2005),
- ҚР Құрметті грамотасымен (2009),
- Қостанай облысы әкімінің грамотасымен марапатталған.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оптимистік. Менің ойымша, Қазақстан Орталық Азия аймағындағы ықпалды орталық болады. Кедендік одақтың дамуы Қазақстанның экономикалық гүлденуін, отандық шағын және орта бизнестің дамуын, қатардағы азаматтардың өмір сапасын арттыру мүмкіндіктерінің көкжиегін кеңейтеді». Хоббиі - классикалық және классикалық емес кезеңцердің Сүйіп оқитын әдебиеті - Күміс ғасыр поэзиясы. философиялық еңбектерін оқу.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>