Талқылау:Шәкәрім Құдайбердіұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Қазақстан жобасының мақаласы Үлгі:Қазақстан жобасының мақаласы Үлгі:Абай Құнанбайұлы жобасының мақаласы

29 қыркүйек 2020 кезіндегі өңдеу сұранысы (Жартылай қорғалған)

Үлгі:Өңделуі жартылай қорғалған "Шәкерім" сөзін "Шәкәрімге" өзгерту қажет. Ногайбеков Күнбол (талқылауы) 01:14, 2020 ж. қыркүйектің 30 (+06)

"Шәкәрім Құдайбердіұлы 1917 жылғы революция таңын жарқын үмітпен қуана қарсы алды. Оған куә — «Бостандық туы жарқырап», «Бостандық таңы атты» деген революцияға арнаған жырлары. Кейде адасып, дос қайсы, дұшпан қайсы екенін айыра алмай қалған кездері де болады. 1918 жылдың басында ол алашордашылардың шақыруымен Семейге келеді. Жолшыбай «Семейді қызыл алғанын» естіп барады. Бұл 1918 жылдың ақпаны. Алашордашылар Шәкәрімді сыртынан сот етіп сайлаған екен, ойында еш нәрсе жоқ ақын көне салады. Бірақ көп ұзамай, сол 1918 жылғы маусымда, Семейді ақтар кайта басып алады. «Оған тағы құл болдык, сатылған малмен пұл болдық» деп, ақтардан көңілі қалған акын еліне оралады. Сол жылғы күзде ол тағы да Семейдің құм көшесін таптайды. Осында Орынбордан қашқан Алашорда «үкіметі» көшіп келіп, өз беделін өсірудің бір амалы есебінде акынды калаға шақыртқан екен. Бұл жолы Шәкәрімнің «Алашорда бір бөлек, қауымның ойы өзгерек екеніне әбден көзі жетеді де, ескілікті қайта жаңғыртқысы келгендерге наразылық білдіріп, еліне тартып отырады. Ол ауылда жүріп те ақтардың салған ойранының куәсі болады. «Қалаға қызыл орнығып, әділет атты жол шығып, айтылған боран өтті тез» деп қуана қорытады." ------------------------ Осы жазбадан байқауға болады, мына мақала коммунистік идеология дәурендеп тұрған кезде жазылғаны байқалады, Алашорданы қаралап, Кеңес одағын дәріптеген сыңай бар. Сондықтан мұны қайта қарап, түзетіп жазу керек. Осы саланың мамандарының құлағына алтын сырға! --Alphy Haydar (талқылау) 19:58, 2026 ж. ақпанның 5 (+05)