Талқылау:Марат Қожаханұлы Жұман
Мазмұны
Бәрін толық жаздым. Мақала неге өткізбей тұр?
Марат Жұман (1976 жылы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы, Атасу кентінде дүниеге келген) – қазақстандық кәсіпкер, Atasu Group халықаралық көлік-логистикалық компаниясының негізін қалаушы және иесі.
Өмірбаяны
Марат Жұман 1976 жылы 18 қыркүйекте Қарағанды облысындағы Атасу кентінде дүниеге келген (қазіргі Ұлытау облысы). Алматы теміржол инженерлері институтын (қазіргі Қазақстан темір жол университеті) тәмамдаған. 1998 жылы Atasu Group көлік-логистикалық компаниясын құрып, бүгінде ол 30-ға жуық елде қызмет етеді.<ref name="source1">Компания туралы ақпарат</ref>
«Parasat» бизнес-клубының мүшесі, «IQanat» білім беру жобасының қатысушысы, YPO Kazakhstan ұйымының мүшесі және «Ана үйі» қоғамдық қорының қамқоршысы.<ref name="source2">Қоғамдық ұйымдар туралы мәлімет</ref>
Қоғамдық қызметі
Марат Жұман – «Федерация "Аударыспақ"» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті және Ат үстіндегі күрес бойынша дүниежүзілік қауымдастықтың басшысы. 2018 жылы EY (Ernst & Young) ұйымдастырған «Жыл кәсіпкері – 2018» байқауында жеңімпаз атанды. Сол жылы Монакода өткен EY World Entrepreneur Of The Year жаһандық байқауында Қазақстан намысын қорғады.<ref name="source3">EY байқауы жөніндегі ақпарат</ref>
Дереккөздер
<references />