Талғат Советбекұлы Донақов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Талғат Советбекұлы Донақов (16 қаңтар 1965, Семей облысы) — қазақстандық заңгер, мемлекеттік қайраткер және сот жүйесінің қызметкері. 2018–2021 және 2012–2013 жылдары Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы. Заң ғылымдарының кандидаты.

Өмірбаяны

1965 жылы 16 қаңтарда Семей облысы, Аягөз қаласында дүниеге келді.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1987), заңгер; КСРО Ғылым академиясының Құқық және мемлекет институтын аспирантурасын бітірген (1991). Заң ғылымдарының кандидаты (1991). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Одақтық республикада әлеуметтік және экономикалық дамытуды жоспарлауды ұйымдастыру».

1987 жылдан - КСРО Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының аспиранты. 1991 жылдан - ҚР Ғылым академиясының Құқық және философия институтында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, ҚР Ғылым академиясы мемлекет және құқық институтында ғылыми хатшысы. 1992 жылдан - ҚР Жоғарғы Кеңесі төрағасының кеңесшісі. 1993 жылдан - ҚР Жоғарғы Кеңесінің заң шығару бөлімінде меңгерушінің орынбасары. 1994 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі Аппаратының заң шығару және сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлімінің кеңесшісі, сектор меңгерушісі, меңгерушісінің орынбасары, заң шығару және құқықтық сараптау мәселелері жөніндегі меңгерушісінің орынбасары. 1997 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің сот жүйесі және заң шығару меселелері жөніндегі білім меңгерушісі. 1999 жылдан - ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік-құқық бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары. 2000-2002 жылдары - ҚР Әділет Министрлігінде білім вице-министр. 2004 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық сараптау және заң шығару бөлімінің меңгерушісі. 2008 жылдың ақпан айынан - ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі.

2008 жылдың қазан айынан бері - ҚР Президенті Әкімішілігі жетекшісінің орынбасары.

Марапаттары

«Құрмет» (2005) орденімен; «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 5 мерейтойлық медальмен және Қазақстан Республикасының құрмет грамотасымен (1993) марапатталған.

Жеке өмірі

Діни көзқарасы - мұсылмандық.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Болжам жасамаймын».

Үйленген. 3 баласы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер