Талдысу петроглифтері
Талдысу петроглифтері (қола дәуірі) – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.
Орналасқан жері
Тұрар Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылының оңтүстік-батысында 8 км қашықтықта, Талдысу өзенінің орта тармақтарының оң жағалауында, жазық жерде орналасқан.
Сипаты
2011 жылы Ескерткіштер Жинағы экспедициясы (С. Пәрменқұл, Ш. Құдабаев) зерттеген.
Петроглиф үлкен тастың шығыс жақ бетіне салынған. Таста тауешкілер сызықтық тәсілмен салынған бейнелерден тұрады. Суреттер өлшемі – 10х14 см. Тас беттері қоңыр түске ысталған.<ref>С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7</ref><ref>Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағы. Тұрар Рысқұлов ауданы. – Алматы, 2011. 268 б. ISBN 978-601-7253-10-3 </ref>