Талас Омарбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Талас омарбеков.gif
Талас Омарбеков.
Талас Омарбеков (29 мамыр 1948 жылы туған, Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ақжар ауылы) – ғалым, тарих ғылымының докторы (1994), профессор (1995).<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Өмірбаяны

ҚазПИ-ді бітірген (1971). Еңбек жолын Жуалы және Байзақ аудандарында орта мектепте мұғалім болып бастаған. 1980 – 2001 жылы ҚазПИ-де, Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы ин-тында, “Ақиқат” журналында, Қазақ ұлттық университетінде ғылыми-педагогикалық, шығармашылық қызметпен айналысты. 2001 жылдан ҚазҰУ-дегі ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі.

Зерттеулері

М.Х. Дулат мұраларын, орта ғасырлардағы тарихи тұлғаларды ұлттық көзқараста зерделеп, Отан тарихын кезеңдеудің теориялық-методологиялық мәселелері бойынша бірқатар зерттеулер жүргізді. Қазақстанда сталиндік тоталитарлық жүйенің орнығу тарихы мен оның салдарын зерттеген алғашқы отандық тарихшылардың бірі болды. Ол 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары Қазақстанда байларды тәркілеу, шаруаларды күштеп ұжымдастыру саясатының зардаптарын ашып көрсетіп, сол тарихи кезеңде орын алған халық наразылықтарына жаңа тарихи көзқарас қалыптастырды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Талас Омарбеков|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}