Тайтұяқ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Тайтұяқ (Үлгі:Lang-la) - жиренше тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік туыстасы.

Биологиялық сипаты

  • Тамыры тармақты көген тамырсабақ.
  • Сабағы - қысқа және тармақты.
  • Жапырақтары кезекті орналасқан, бүтін жиекті.
  • Гүлдері - дара гүлді , қос жынысты, аталығы 12.
  • Гүл формуласы — P_(3); A_{6+6}; G_(6)
  • Жемісі - дұрыс қақырамайтын қорапша.
  • Өсімдіктің өзіне ерекше иісі бар. Сәуір - мамыр айында гүлдейді. Жемісін маусым айында салады. Вегетативтік (тамырсабақтың ұлғаюы нәтижесінде) тәсілімен және дәндері арқылы көбейеді.

Өсетін жері мен таралу аймағы

Жер бетінде 100-ге жуық түрі бар. Көпшілік түрлері Оңтүстік-Шығыс Азияда таралған. Орманда, әсіресе жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты ормандарда өседі.

Химиялық құрамы

Өсімдіктің тамырында және жер үстіндегі бөлімдерінде эфир майлары, азорон, пинен, эвгенол, борнилацетат, танин, қоймалжың заттар, шайырлар, азарин деген алколоид, фенолкарбон қышқылдары, флавоноидтар, крахмал және гликозидтер бар.

Емдік қасиеті және қолданысы

Дәрілік мақсат үшін тайтұяқтың жер үстіндегі бөлігін және тамырын жинайды. Халық медицинасында несеп айдайтын, қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Сонымен қатар асқазан және жүрек қызметін реттейтін, қабынуға қарсы әсер ететін, құстыратын және осыған байланысты асқынған маскүнемдікке шипа болатын қасиеттері бар. Әйелдердің етеккірін қалыпқа келтіру үшін де қолданылады. Бауыр, асқазан, ішек ауруларына қарсы және сары ауруға ұшыраған кісілердің денесі сарғайғанда да ем үшін қолданылады. Шемен ауруында несеп жүргізу арқылы ісікті қайтару үшін пайдаланылады.

Тайтұяқтың тамырынан азар эфир майын алады. Оны парфюмерияда көп қолданады.

Сақтық шарасы

Тамыры улы, сондықтан дәрі жасағaнда өсімдіктің дәрілік мөлшерін дұрыс алып, ұқыптылықпен қадағалау керек. Дәрігердің бақылауынсыз өсімдікпен емделуге болмайды.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер