Тайбұға

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тайбұға (13 ғ.) — хан, Батыс Сібірді басқарған, керей ханы Тоғурыл ханның (Ван хан дәрежесі болған) ұрпағы. 1203 ж. жеңілген Ван хан батысқа қашады, алайда өзінің қас жауы найман ханы Байбуктың қолына түсіп, соның жауынгерлерінің қолына түсіп, соның жауынгерлерінің қолынан қаза табады. Содан кейін керейлер Шыңғысханға бағынады. Керейлердің жартысы жеңілген меркіттермен бірге батысқа қашады. Батыс шежірелері Тайбұға есімін Есілде ерте феодалдық Сарғаш мемлекет-княздігінің пайда болуымен және Тура өзенінің бойынан Чимги-Тура қаласының салынуымен байланыстырады. Тайбұғаның орнын басушы мирасқорлары мұрагерлері Түмен және Сібір хандығына қожалық ету үшін Шыңғысхан әскерлерімен ұзақ уақыт бойы күрес жүргізді. Аңыз бойынша Тайбұға Есіл өзені бойында жерленген, бірақ бейітінің тұрған жері әлі күнге белгісіз.<ref>«Солтүстік Қазақстан облысы» энциклопедиясы. – Алматы: «Арыс», 2006 – 704 б. – ISBN 9965-17-340-0</ref>

Дереккөздер

<references/>