Таити
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Таити (Үлгі:Lang-fr) — Îles de la Société (Қауым аралы) архипелагының және Француз Полинезиясының бас аралы, сонымен бірге Францияның тәуелді аймақтарның ішіндегі ең ірі арал. Астанасы және негізгі порты Папеэте қаласы солтүстік-батыс жағалауында орналасқан.
Ауданы 1042 км2. Жіңішке мойнақ арқылы (ені 2 км) жалғасқан екі тау массивінен тұрады.
Негізінен базальт тау жыныстарынан түзілген. Ең биік жері 2241 м (Орохен тауы). Аралды маржанды атоладар қоршап жатыр. Аумақта толығымен дерлік ылғалды тропиктік орман өскен.
Шаруашылығы тропиктік егіншіліктен, балық аулаудан, маржан өндіруден тұрады. Туризм жақсы дамыған. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 8 том</ref>