Табиғи тарту

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Табиғи тарту —жер асты қазбаларындағы ауа қысымының әр түрлі болу салдарынан ауа ағысы табиғи түрде пайда болады. Табиғи ауаның тартылысы пайда болу үшін екі немесе одан да көп тіке немесе көлбеу жүргізілген жер асты қазбалары болу керек. Табиғи тарту бағыты мен шамасы жыл мезгіліне (жаз, күз, қыс және жазғытұрым) байланысты сыртқы ауаның температурасына қарай өзгеріп отырады. Әдетте шахталарда, табиғи тарту өлшеу арқылы анықталады. Ол үшін депрессиометр және барометр сияқты аспаптар қолданылады. <ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/>