Табиғи сулардың микроэлементтері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Табиғи сулардың микроэлементтері— аз мөлшерде кездесетін және сулардың химиялык түріне (типіне) себепші болмайтын, бірак су құрамының ерекшелігіне көп әсер ететін микроэлементтер. Табиғи сулардың микроэлементтері тұтастай алғанда судағы барлық еріген заттардың жалпы мөлшерінің 0,01%-дан кемін, ал макроқұрамбөліктер — 99,99%-ын құрайды. Табиғи сулардың микроэлементтеріне: В, Ғ, Р, V, Сг, Мn, Со,Ni, Сu,Zn, Аs, Sе, Вr, Мо, Аg, Сd, Sb, Те, J,Ba,W, Au және т.б. жатады. Микроэлементтердің тіршілік процестеріндегі рөлі өте зор , олардың көпшілігі биологиялык жағынан белсенді болып келеді. Осындай микроэлементтердің табиғи сулардағы жетіспеушілігі немесе молдығы адамдар мен малдардың эндемия деп аталатын жергілікті ауруларын қоздырады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub