Табиғи суды талдау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Табиғи суды талдау - табиғи сулардың химиялық және газдық құрамын және олардың физикалық, биологиялық және техникалық қасиеттерін анықтау. Талдау нәтижесінде :

  • сутек ионының концентрациясы (рН), г/дм3 (мг/дм3) немесе г/кг (мг/кг)-мен көрсетілетін судың минералдылығы
  • құрғақ қалдығы немесе минералдық заттардың қосындысы; г/дм3 (мг/дм3) немесе г/кг (мг/кг), мг-экв/дм3
  • %-эквиваленттілікпен алынатын K, Na, NH 4 , Mg, Ca, NO3, NO2, Cl, SO4, HCO3 және CO2,, Si иондары анықталды.

Табиғи суды талдаудың толық немесе арнайы түрлері бойынша немесе арнайы түрлері бойынша бұл ардан басқа да ерекше микроэлементтердің мәндері: Вr,J ,Sr, B,Li, Ғе, Аl, Аs, Ва, РЬ, Ni, Со, Zn, Мn, F, Р, Rb, Сs және бірсыпыра сирек кездесетін (W, Мо, Аg,Аu ж. б.), сондай-ақ радиоактивті элементтердің мөлшері анықталады. Судағы Са мен Мg-дің шамалары бойынша судың жемірлігі есептеледі. Суда еріген газдардың: O2, С02, Н2 S, N2,Ar,H2,Rn,CH4 ауыр көмірсутектердің және гелийдің мөлшері көлемдік пайызбен немесе мг/дм3-мен көрсетіледі. Физикалық касиеттерінің ішінен: судың меншікті салмағы немесе тығыздығы (Боме градусы), температурасы, мөлдірлігі (лайлығы), түсі, дәмі, иісі аныкталады. Судың биологиялық қасиеттері бактериологиялық талдау бойынша беріледі. Судың техникалык қасиеттерінің ішінен оның құрамындағы иондардың коагуляцияланушылығы (қоюланғыштығы), судың түссізденушілігі, сүзілімділігі, коррозиялығы және жұмсарғыштығы анықталады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub