Табиғаттағы су айналымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Water cycle.png
Су айналымы.
Сурет:Earth's Water Cycle.ogv
Жер шарындағы су айналымы.

Табиғаттағы су айналымы — жер шарындағы судың күн қуаты мен салмақ күшінің әсерінен үздіксіз тұйық айналу процесі. Су жер шарындағы мұхиттар мен құрлықтардың бетінен буланады, су булары ауа ағындары мен жоғары көтеріледі де, қоюланып тамшыға айналады және атмосфералық жауын-шашын түрінде мұхитқа немесе құрлыққа қайта оралады, ал құрлықтан мұның біразы өзендер арқылы мұхиттарға қайтадан ағып барады (судың үлкен тұйық айналымы). Бұдан басқа жергілікті немесе құрлық ішіндегі су айналымы болады. Табиғаттағы су (ылғал) айналымыкүн энергиясы мен салмақ күші әсерінен туындай отырып, жер шарына тән ылғалдың (судың) толассыз қозғалысын камтамасыз ететін тұйықталған процесс: ауа ағындарымен аспанға көтерілген Әлемдік мұхит айдыны мен құрлық бетінен буланган ылғал (су) түйіршіктері конденсацияга ұшырайды да жауын-шашындар түрінде жер бетіне (Әлемдік мұхит және кұрлық бетіне) қайтадан түсіп отырады.<ref>Н. Сейітов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.— Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет. ISBN 5-615-01738-4</ref>.

Дереккөздер

  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Табиғаттағы су айналымы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}