Табақша тәрізді қоянжырық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Табақша тәрізді қоянжырық<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> (Үлгі:Lang-la) – ерінгүлділер тұқымдасы, қоянжырық туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 13-50 см.
  • Сабағы тік,қарапайым немесе бұтақталған, сыртын, әсіресе төбе жағын қысқа әрі қалың түк басқан.
  • Жапырағы ромб тәрізді, бас жағында түгі сирек, төменгі жағы қысқа түкті. Сағағы жалпақ, ұзындығы 10 мм-ден аспайды. Гүлжапырағы тек күлтебасының астында ғана болады, ұзындығы 3-8 мм.
  • Гүлшоғыры 4-6 күлтебастан тұрады. Тостағаншасы түтікті, жіңішке қоңырау тәрізді. Екі жағын да қысқа түк басқан, түтігі түбіне қарай қалыңдайды. Күлтесі ашық қызыл түсті, күңгірттеу түсті тарамысы төменгі ернінде айқын байқалады. Мамыр-маусым айларында гүлдеп, маусым-шілде айларында жемістенеді.

Өсетін жері мен таралуы

Орта Азия мен Таяу Шығыста таралған.
Қазақстанда Балқаш көлі маңында, Жетісу (Жоңғар), Іле, Қырғыз, Күнгей Алатауларында, Батыс Тянь-Шаньда тау етегіндегі құрғақ далалы өңірлерде, қиыршықтасты төбешіктердің жоғары жағында өседі.

Дереккөздер

<references/>