Табанов Мұхаметқали

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Табанов Мұхаметқали Жексембекұлы (1907, Талдықорған облысы – 1987, Тараз қаласы) – Жамбыл облысы театрын алғаш ұйымдастырушылардың бірі. 1937 жылы Алматыдағы академиялық қазақ драма театрының шыңдалу мектебінен өтті. Қырық жылдан аса облыстық қазақ драма театрының өркендеуіне лайықты үлес қосты. 1944 жылы Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, 1945 жылы «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталды. 1961 жылы Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі атағына ие болды. Ол, М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде» Кеңгірбайды, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуындағы» Жантықты, «Ақан сері – Ақтоқтыдағы» Қоңқайды, Гольдонидің «Екі мырзаға бір қызметшісінде» қызметкерді өзгеге ұқсамайтын мәнермен ойнады. Табанов комедиялық жанрлардағы образдарды сомдаудың асқан шебері. Оның сахнадағы күлкісі мен іс-әрекетінің табиғилығы, көрермендермен «тіл» табыса білуі актерлік табысы болатын. Ол өзіне берілген рөлдердің сыр-сымбатын аса терең түсіне білетін сезімталдығымен көзге түсті.

Сілтеме

  • Тараз энциклопедиясы
{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Табанов Мұхаметқали|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}