Сөйлеу сазы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сөйлеу сазы (Үлгі:Lang-el — әуенді) — интонацияның негізгі құрамды бөлігі. Сөйлеу сарынының акустикалық көрінісі негізгі тонның сөйлеу барысындағы өзгеріп отыруы болып табылады. Сөйлеу сарыны синтаграммалар мен ритмикалық топтардың әрі жігін ажыратып, әрі басын біріктіріп, бүтін бір сөйлем етіп құрып отырады. Сөйлеу коммуникатив түрлерге (хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрық) бөлінеді. Сөйлемнің мағыналық тұрғыдан маңызды бөлігін баса көрсетеді, сондай-ақ көңіл-күй көріністерін, кекесін-қалжың тәрізді астарлы сәттерін аңғартады. Лингвистикалық (акустикалық) талдау үстінде негізгі тонның (дауыс ырғағының) жоғары-төмен деңгейлері, олардың арасындағы алшақтықтың шамасы, әуен сатылары, оның биіктеу шыңы, тік немесе жайпақ көтерілуі мен түсуі, үдемелі, кемімелі және тегіс қозғалуы деңгейлері анықталады. Әдетте зерттеушілер сөйлеудің белгілі бір сөйлем түрлеріне тән сөйлеу сазының пішінін табуға тырысады. Әзірге сөйлеу сазының дыбыстық (акустикалық) көрінісі жайлы тіл білімінде ортақ пікір жоқ.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}