Сөз принциптері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сөз қолданудың негізгі принциптері

Сөз-ойды білдірудің,сөйлем құраудың басты материалы. Құрылыс материалынсыз үй салуға болмайтыныны сияқты,сөзсіз сөйлем құрауға болмайды. Сөйлем –адам ойын жеткізіп айтудың негізгі формасы. Сөйлеген сөзді әсерлі етейін деп көпірме тіркеске, айтылы-айтыла ығыр болған «қоңыраулы» сөздерге әуес болмау керек. Сөйлемде бір сөздің орнына басқа сөзді қоя салған кісі тіл жұмсаудағы ұқыпсыздықтан болған сәтсіздікке душар болады. Мысалы, «Сіз де бірге жүріңіз»,-дегенді кейбіреулер: «Сіз де қоса жүріңіз»,- дейді. Осындағы «қоса» сөзі бұл сөйлемде емес емес, «Сені де қоса алып кетпекші» дегендей орайда айтылуға тиіс. Жазуда, сөйлеуде кісі ойына керекті сөз таңдағанда олардың стильдік ерекшеліктерін ескеру керек. Мысалы, публицистикалық стиль мен ғылыми сәдебиет стилінің сөздік құралы бірдей емес: публицистикалық стильде жазылған газет-журнал тілі жалпы халыққа арналғандықтан, оның сөздері де жалпыға бірдей түсінікті болуға тиіс,ал ғылыми әдеби тілде жалпыға ортақ сөздермен қатар,жеке мамандыққа тиісті, жұрттың бәрі бірдей түсіне бермейтін сөздерде қолданылады; солардың ішінде жеке ұғымды білдірген атаулар, термин сөздер көп болады... Сонымен қатар сөздің бәрі ,олардың жүмсалу аясы бірдей емес. Сөздің де асылы бар, жасығы бар. Сөз мәдениетіне жетік болу үшін , қазақ тілінің сөз байлығын жақсы білу керек. Адамның білімі, мәдениеті артқан сайын,оның сөзді игеру мүмкіншілігі арта түседі. Тіл мәдениетіне жетік болу үшін , сөзді көп білу жеткіліксіз, ол сөздерді де жұмсай білу де керек. Ал сөзді жұмсай білу үшін оның мән-мағынасын, қасиеттерін, ерекшеліктерін жақсы білу керек.