Сөздердің аналитикалық және синтетикалық формалары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сөздердің аналитикалық және синтетикалық формалары - сөз формаларының грамматикалық түрлері. Сөздің аналитикалық формасы негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесуі арқылы жасалады. Көмекші сөз дербес лексикалық мағынасынан айрылып, сөз түрлендіруші аффикстерге ұқсас грамматикалық қызмет атқарады. Мысалы, бара жатыр, оқып кел, тым жақсы. Сөздің аналитикалық формасының компоненттері біртұтас лексикалық мағынаны білдіріп, сөйлемде бір ғана мүше болады. Қазақ тілінде аналитикалық форма, әсіресе, етістіктің рай, шақ категорияларына тән. Сөздің синтетикалық формалары аффрикстену және дыбыстардың алмасуы (ішкі флексия) арқылы жасалады. Қазақ тілі үшін аффикстену грамматикалық тәсіл ретінде жиі кездеседі, мысалы,жазу - жазушы - жазушылар; оқушы - окушыға - окушымен; төмен - төменірек. Сөздің синтетикалық формаларын жасайтын — сөз түрлендіруші және сөз формаларын тудырушы жалғаулар мен жұрнақтар. Мысалы, көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары сөйлемде сөздерді түрлендіріп, бір бірімен байланыстырады.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}