Сәуле Сүниятқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәуле Сүниятқызы Тәнікеева 1956 жылы 14 қарашада Алматы қаласында туған. қазақ. Әкесі - Нұрмұхамедов Сүният Бекмашұлы (1928-1995), Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының тарих ғылымдарының докторы болған. Анасы - Ахмедова Күлән Бәтішқызы (1927-1998), Қазақстан Республикалық Ғылым Академиясының география ғылымдарының кандидаты болған. Екі мәрте Ленин орденді П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының фортепиано факультетін (1981) және ассистентура-машықтануын бітірген (1984), пианист, педагог. Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүше- корреспонденті (2003 жылдан). 150-ге жуық мақала мен сұхбаттың авторы. қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін біледі. 1982 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы арнайы фортепиано кафедрасының ағартытушысы. 1998 жылдан - «Сорос-Қазақстан» қорының «Мәдениет және өнер» бағдарламасының үйлестірушісі. 2000 жылдан - Орталық Азия халықаралық арт-менеджмент қорының атқарушы директоры. 2003-2004 жылдары - «Kazakhstan Development Gateway» Дүниежүзілік банк жобасының менеджері. 2005 жылдан - Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы концерт бөлімінің бастығы. 2006 жылдан бері - Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы бас директорының орынбасары. «Еуропа мәдениеті» конференциясы төралқасының мүшесі (Испания, 2002-2004), Л. Бетховен атындағы байқаудың вице-президенті (Австрия, 2009). Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикасымен мәдениеті жоғары дамыған гүлденген көпұлтты peспyблика». Хоббиі - бау-бақша өсіру, фитнес. Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет. Тұрмыс құрған. Жұбайы - Тәнікеев Ма􀀃сат Сайдәлімүлы (1957 жылында тұған). қыздары - Тәнікеева Дания Мақсатқызы (1986 жылында тұған), Тәнікеева Әйгерім Мақсатқызы (1988 жылында тұған).

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub