Сәуле Стаханшылқызы Жанпейісова
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Музыкант Сәуле Стаханшылқызы Жанпейісова (14 тамыз 1966 жыл, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Маятас ауылы) – қазақстандық дәстүрлі ән өнерін насхаттаушы әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері. Филология ғылымдарының кандидаты. Сарысу ауданының Құрметті азаматы.
Өмірбаяны
- Ол алғаш рет сахнаға 2-сыныпта оқып жүрген кезінде шығып, «әнші қыз» атанды.
- Республикалық эстрада-цирк өнері студиясындағы Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің батыс ән дәстүрі бойынша класына ілінді.
- 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдайды.
- Өнер жолында жүріп Ұлттық Консерваторияға қабылданады.
- 1997 жылы Консерваториядағы оқуын аяқтаған соң, Сәуле «Қазақконцерт» бірлестігінде кәсіби әншілікті бастады. Париждің «ЮНЕСКО» залында концерт атқарылғанда Сәуле оған қатысты. Оны Француздар өте жақсы қабылдады.
- Атыраудағы музыка Академиясынан оралып, Құрманғазы атындағы консерваторияның ән кафедрасын басқарады.
- 2012-2015 жылдары Жамбыл облыстық филармониясын басқарды.
Ғылыми еңбектері
- Ұзақ жылдар ізденісі нәтижесінде 2010 жылы «Қазақ прозасындағы әнші-ақындар бейнесі» тақырыбында кандидаттық ғылыми диссертациясын қорғады.
- Көптеген ғылыми-танымдық мақалалардың және «Әуен-сыр» атты кітаптың авторы.
- Сегіз қырлы өнерлі жан 2006 жылы ұлттық телеарнада авторлық «Бұл әнді білесіз бе?» тележобасында жүргізуші ретінде жаңа қырымен танылды.
Шәкірттері
- Айгүл Қосанова
- Берік Жүсіпов
- Эльмира Жаңабергенова
- Арнұр Көшенеев
- Маңғыстау жырларын әкелген Елдос Еміл
- атыраулық Т.Құттымұратов
- Ақтөбеден Айгүл Елшібаева
- Ырысты Сүлейменов
- Өмірқұл Айниязов. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Кожиров Б. "Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары" 2010г</ref>