Сәуле Нәсенқызы Мамытова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Сәуле Нәсенқызы Мамытова — тарих ғылымының докторы (2010), профессор.

Өмірбаяны, еңбек жолы

1964 жылы 29 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Самар ауылында туған.

Семей педагогикалық институтын (1987, қазіргі Шәкәрім университеті) бітірген.
Павлодар қаласындағы №4 орта мектебінде мұғалім (1987-90), Павлодар қаласындағы медициналық колледжінде оқытушы (1990-95), Павлодар мемлекеттік университетінде оқытушы (1995-2004, қазіргі Торайғыров университеті), осы университетте Жоғары маманды даярлау басқармасының басшысы (2005-10) қызметтерін атқарған.
2010 жылдан тарих кафедрасының меңгерушісі.

Ғылыми бағыты, еңбектері

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан тарихы бойынша оқулық және оқу құралдарын, оқу бағдарламаларын жасауда ұсыныс беру жөніндегі жұмыс комиссиясының құрамында қызмет көрсетеді.
100-ден астам ғылыми жарияланымның және бірнеше ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы.

Марапаттары

  • Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2012);<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>
  • Білім және ғылымды дамытудағы қызметі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы (2013);
  • Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл медалі (2015).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер