Сәуле Ертайқызы Бекжанова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Сәуле Ертайқызы Бекжанова — техникалық ғылымының докторы (2002), профессор (2005).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1962 жылы 18 шілдеде Петропавл қаласында туған.

Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын бітірген (1985, қазіргі ALT Университеті). Осы институтта ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі (1985–1998), Қазақ көлік жəне коммуникациялар академиясында аға ғылыми қызметкер, доцент, кафедра меңгерушісі, кəсіподақ төрайымы, профессор, декан (1998–2011) қызметтерін атқарды. 2011 жылдан осы академияның проректоры.

Ғылыми еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты – темір жол көлігі, жүк тасымалдарын ұйымдастыру жəне тасымалдау технологиясы, логистика.
"Жылжымалы құрамның жəне жолдың өзара əрекетін есепке ала отырып, мұнай жəне мұнай өнімдерін темір жол көлігімен тасымалдау теориясы жəне тəжірибесі" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
9 өнертабыс, 7 оқулықтар мен оқу-əдістемелік құралдардың авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер