Сәуле Бөкейханқызы Бөрібаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Сәуле Бөкейханқызы Бөрібаева 1960 жылы 20 ақпанда Қостанай облысының Таранов ауданында туған. Қазақ. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін бітірген (1983), мамандығы - «Орыс тілі мен әдебиеті».

«Ауыл мәдениетін дәстүрлі халық мәдениетінің көзі және қоғамдық және мемлекеттік өмірдің барлық нысандарын дамытудың басты негізі ретін қайта жаңғырту», «Қазіргі жағдайдағы мәдениет саласының даму басымдылықтары», «Қазақ тілін мемлекеттік тіл және республиканың байырғы тұрғындарының тілі ретінде сақтау мен дамытудағы мәдениеттің рөлі», «Халықмәдениетініңдәстүрлерін қүқықтық қорғау шараларының кешенін әзірлеу және мәдени мұраныңжоғалуына қатыстылығы үшін жауапкершілікті анықтау туралы» мақалаларының авторы.

Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2002 жылдан). 1978-1983 жылдары - Қостанай облысы Таранов аудандық орта мектебінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі. 1984 жылдан - Рудный қалалық Пионерлер сарайының директоры. 1986 жылдан - Қазақстан ЛКЖО қалалық комитетінің екінші хатшысы (Рудный қ.). 1988 жылдан - Рудный қаласының орта мектебінде орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, 1991- 1996 жылдары - мектеп директорының орынбасары. 2002 жылдан - Рудный қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, Рудный қалалық «Нұр Отан» ХДП бастауыш партия ұйымының төрайымы. 2006 жылдан - Қостанай облыстық әкімдігі Мәдениет басқармасының бастығы.

2010 жылдан бері - Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасының бастығы.

Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі. «Ерен еңбегі үшін» (2008), «Астананың 10 жылдығы», «ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне Южыл» медальдарымен марапатталған.

Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, М. Тэтчер.

Хоббиі - кітап оқу, театр, жүзу. Сүйіп оқитын әдебиеті - әлеуметтік-философиялық бағыттағы кітаптар.

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Бөрібаев Ербол Жағыпарұлы (1962 ж. т.), «Systek-kz» ЖШС атқарушы директоры. Қыздары - Алина (1988 ж. т.), Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономикалық унивөрситөтінің студенті; Камила (1994 ж. т.), оқушы. <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub