Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев (17 қыркүйек 1939, Асқар Тоқпанов ауылы, Іле ауданы, Алматы облысы) — Қазақстан мемлекеттік қайраткері, генерал-полковник (2001), Халық Қаһарманы (2024).
Өмірбаяны
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
- С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1963) заңгер мамандығы бойынша;
- КСРО МҚК №302 Минск мектебін;
- КСРО СІМ Жоғары дипломатиялық мектебін (1971) бітірген.
- 1956 жылдан - Алматы облысы Іле ауданының «Комсомол» үжымшарында жұмысшы.
- 1957 жылдан - Алматы облысындағы Боралдай кірпіш зауытының вагоншы-жұмыскері.
- 1958 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті.
- 1963 жылдың шілде айынан -Алматы облыстық прокуратурасының тергеушісі.
- 1963 жылдың қыркүйек айынан - КСРО МҚК №302 Минск мектебінің курсанты; КСРО МҚК кадрлық офицері, жедел өкілден ҚазКСР МҚК Басқармасының бастығы лауазымына дейінгі қызмет жолын өткен.
- 1991 жылдың қараша айынан - Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҚР МҚК Басқармасының бастығы.
- 1993 жылдың маусым айынан - ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары.
- 1993 жылдың желтоқсан айынан - ҚР ҰҚК төрағасы.
- 1995 жылдың қараша айынан - ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы - ҚР Республикалық гвардиясының қолбасшысы міндетін атқарушы.
- 1997 жылдың наурыз айынан - ҚР Республикалық гвардиясының қолбасшысы.
- 1999 жылдың қазан айынан ҚР қорғаныс министрі.
- 2001 жылдың желтоқсан айынан ҚР Президентінің кеңесшісі - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің қызмет әдебін сақтауы жөніндегі комиссияның төрағасы - ҚР Президеті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы.
- 2002 жылдың қыркүйек айынан - «Еуро-Азия Эйр Интернэшнл» ААҚ Халықаралық еуразиялық әуе компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы.
- 2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
- ҚР Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі (2002 жылға дейін).
Марапаттары
- «Даңқ» (1997) ордені;
- 3-дәрежелі «Барыс» (2008) ордені;
- 1-дәрежелі «Барыс» (2019) ордені;
- «Отан» (10.09.2024) ордені;
- Халық Қаһарманы атағы (10.09.2024);<ref>https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaev-halyk-kaharmany-sat-tokpakbaevka-ayryksha-erekshelik-belgisi-altyn-zhuldyz-ben-otan-ordenderin-saltanatty-turde-tabystady-1681050</ref>
- «Жылдың әскери адамы» номинациясы бойынша Жыл адамы (Алтын Адам) (2000, 2001);
- 14 мерекелік медаль (КСРО, ҚР, Қырғызстан, Тәжікстан, РФ);
- Алматы облысының құрметті азаматы;
- Алматы қаласының құрметті азаматы.
Отбасы
Жұбайы — жазушы Сәуле Досжан.
Қызы - Гүлмира; ұлы - Дәулет. Немерелері - Әміржан, Дәужан, Камилла, Іслем, Селима.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
Санат:
- 17 қыркүйекте туғандар
- 1939 жылы туғандар
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің IV шақырылымының депутаттары
- Қазақстан ҰҚК төрағалары
- Қазақстан қорғаныс министрлері
- Қазақстан генерал-полковниктері
- Даңқ орденінің иегерлері
- Барыс орденінің иегерлері
- Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері
- КСРО Қарулы күштерінің ардагері медалінің иегерлері
- Қалтқысыз қызметі үшін медалінің иегерлері
- Іле ауданында туғандар
- Қазақстан Халық Қаһармандары
- Алматы облысының құрметті азаматтары
- Алматының құрметті азаматтары