Сәтімжан Санбаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Cәтімжан Cанбаев (1939 жыл 16 қыркүйек Атырау облысы Мақат - 2 шілде 2013 жыл Алматы) - жазушы, киноактер.<ref>Ушел из жизни видный казахский писатель, публицист, кинодраматург и общественный деятель Сатимжан Санбаев</ref>
Өмірбаяны
- Орынбор ауыл шаруашылығы институтын, КСРО Жазушылар одағы жанындағы Жоғары әдебиет курсын бітірген.
- Атырау облысы Энгелъс совхозында бас инженер
- Павлодар трактор зауытында инженер-конструктор
- Балқаш кен-металлургия комбинатында инженер
- «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі
- Азия-Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақ комитетінің жауапты хатшысы
- Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші
- «Невада-Семей» қозғалысының вице-президенті,
- Ш.Айманов атындағы ұлттық кинокомпаниясында бас редактор қызметтерін атқарған.
Шығармашылығы
Шығармаларын орыс тілінде жазады.
- «И вечный бой» повесть Простор журналы, 1968 ж.
- Белая аруана. Повести. А.,»Жазушы», 1969.
- Дорога только одна. Роман. А.,»Жазушы», 1970
- Дорога только одна. Повести и роман. М.,»Молодая гвардия», 1974
- Аруана. Повестер мен роман. А., »Жазушы», 1975;
- Колодцы знойных долин. Повести и роман. М., «Известия», 1976;
- Времена года нашей жизни. Роман-трилогия. А.,»Жалын», 1981.
- Когда жаждут мифа. А., 1989;
- Белая аруана. А., 2005;
- Медный колос. Роман-дилогия. А., 2006.
Шығармалары қазақ тіліне, сондай-ақ КСРО халықтарының көптеген тілдеріне, шетел тілдеріне аударылған.
- «Флакон одеколона» атты драмасы М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында қойылып жүр.
Кинодагы рольдері
Шығармашылығымен бірге кино саласында да еңбек етіп келеді.
- «Ұшы-қиырсыз жол»
- «Той боларда»
- «Шоқан Уәлиханов»
- «Батыр баян» көркем фильмдерінде басты рольдерде ойнаған.
- «Қыз Жібек»
- «Ыстықкөл қызғалдақтары» кино фильмдерді қазақшалаған.
- «Там, где торы белые»
- «Дом у соленого озера» кинофильмдерінің авторы.
Аудармалары
- Абайдың қарасөздері
- М.Әуезовтың
- С.Бегалиннің
- Ә.Сәрсенбаевтың
- Қ.Ысқақтың т.б. қазақ жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударған.
Марапаттары
- КСРО Жазушылар одағы
- ВЦСПС-тің жүмысшылар тақырыбына арналған шығармалар конкурсының лауреаты (1981).
- «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық – Алматы: “Ан Арыс” баспасы, 2009 жыл – 480 бет. ISBN 978-601-7130-43-5</ref></p>
Дереккөздер
<references/>