Сәти Үмбетбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәти Үмбетбаев (2.12.1897, Әулиеата, қазіргі Тараз қаласы - 31.5.1974, сонда) - актер, әнші, 1920 - 36 жылы чекист болды. Жамбыл облысы драммалық театрының негізін салушылардың бірі. Мұнда 1936 - 58 жылы қызмет етіп, Базарбай (Ғ.Мүсіреповтің "Қыз Жібегінде"), Алшағыр, Маман, Қараменде (М.Әуезовтің "Қара қыпшақ Қобыланды", "Айман - Шолпан", "Еңлік - Кебегінде"), Кошкин (С.Мұқановтың "Ботагөзі" бойынша), Қарабай (Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлуында"), Миллер (Ф.Шиллердің "Зұлымдық пен махаббатында"), т.б. рольдерді орындады. Орындайтын сахналық кейіпкерлерінің мінез ерекшелігін даралауға ерекше көңіл бөлді. Халық әндерін орындаумен қатар өзі түрлі музыкалық аспаптармен сүйемелдеп отырды. 1969 жылы театр труппасында қайта оралып, Әуезов пен С.Соболевтің "Абай" спектаклінен Сырттан рөлінде және сол жылы "Қош бол, Гүлсары" фильміне қатысып ойнады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}