Сәрсенғали Исмаилұлы Сағитов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәрсенғали Исмаилұлы Сағитов (1931 жыл, Өзбекстан, Төрткөл) – биология ғылымдарының докторы (1989), профессор (1997).

Еңбек жолы

  • 1957 жылы Ташкент ауыл шаруашылығы институтын бітірген;
  • 1958-1961 жылдары Өзбекстан ҒА Қарақалпақстан бөлімшесі Нүкіс ботаникалық бағының меңгерушісі;
  • 1964-1989 жылдары аға ғалыми қызметкер;
  • 1989-1992 жылдары КСРО ғылым академиясының Арал экологиялық орталығында жетекші ғылыми қызметкер;
  • 1992-1997 жылдары Өзбекстан ҒА Қарақалпақстан бөлімінің биоэкология институтында лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарды;
  • 1997 жылдан Халықаралық қазақ-түрік университетінде профессор.

Еңбектері

50-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том</ref>

Дереккөздер

<references/>