Сәрсенбі Есенбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өмірбаяны

Сәрсенбі Есенбайұлыбатыр, Исатай-Махамбет бастаған көтеріліске қатысқан.

Тегі — қызылқұрт руының ерші атасынан. Билеуші сұлтан Көшекқали Сығайұлы қарсы болып, алдын бөгеуге тырысқанына қарамастан Сәрсенбі қызылқұрт жігіттерін соңына ертіп, Исатай қолына қосылған.

Жасақ құрамында Сәрсенбінің балалары — Еділбай, Бердіқүл, Нұргүл, Бура, Дауыл, сондай-ақ Құттымбет атасынан шыққан Алдияр, Еселі Шоңайүлы, шолақ Сәрсенғалиев ерші атасынан Одар, Күзембай Тортайұлдары, ерғұлы атасынан Ескенбай Таңатарұлы, Ескене Байтенұлы, Мүстафа Темірбекұлы болған.<ref>Әнес Сарай, Исатай-Махамбет тарихы, А., 1997.</ref>

Қызылқұрт жасағы 1837 жылы 28 қарашада Геке отрядының қолына түсіп, 1 желтоқсанда Орал қаласына айдалады. 23 тұтқын арасынан Сәрсенбі, оның баласы Еділбай мен Есәлі Шоңайұлы ғана жазаланды.

Әкелі-балалы Сәрсенбі мен Еділбайға 1000 дүре соғылады, одан кейінгі тағдырлары туралы мәлімет жоқ.

Ал Есәлі Сібірге айдалып бара жатқан жолда күзетшіні үрғы жығып, қашып кетеді. Бірақ 1840 жылы қайтадан қолға түседі.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сәрсенбі Есенбайұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}