Сәрсенбекова Дидар Саматқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

77Сәрсенбекова Дидар Саматқызы1971 жылы 19 сәуірде Семей облысының Абай ауданы Қайнар ауылында туған. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 жылы — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>.1990 жылы Семей қаласындағы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық училищені қызыл дииломмен бітірген. Бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген.

1991 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1996 жылы баспа ісі және редакциялау кафедрасы бойынша үздік бітіріп шыққан. 1998-2002 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУдің аспирантурасын сырттай оқып бітірген. 1996-1999 жылдары Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің редакциялық-баспа бөлімінде жұмыс істеп, техникалық Жоғары оқу орындарына арналған көптеген оқу құралдары мен оқулықтардың редакторы болған. Негізгі жұмысына қосымша жұмыс ретінде Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың қазақ тілі кафедрасында оқытушы, "Рас" газетінде тілші болып жұмыс істеген. 1999 жылы сол кездегі "Рауан" (қазіргі "Мектеп") баспасына жұмысқа ауысып, "Физика, математика және информатика", "Түсіндірме сөздіктер" редакцияларында редактор, аға редактор болып жұмыс істеген. Бүгінгі күні "Қазақ тілі және әдебиеті" редакциясының жетекші редакторы.

"Мектеп" баспасында 1999-2000 жылдары жарық көрген қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер сериалын дайындауға қатыскан, "Кен ісі және металлургия", "Геология, геодезия және география", "Педагогика және психология", "әдебиет және лингвистика" сөздіктері авторлық үжымының мүшесі.

өлеңдері мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген. "Тойың тойға үлассын" атты өлеңдер жинағының авторы. 

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}