Сәрсекен Құрманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәрсекен Құрманов -1940 жылы 28 ақпанда Гурьев облысы Мақат ауданының Комсомол кентінде туған. Қазақ. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1961), инженер-экономист. Экономика ғылымдарының кандидаты (1970). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру жолдары (Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің мысалында)». Алматы технологиялық университетінің профессоры (2000 жылдан). 150-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 12 өнертабыс куәлігінің, 600-ден астам өнеркәсіптік үлгіге авторлық куәліктің авторы.

  • 1961 жылдан - Қазақ Кеңхалшар экономисі, аға экономисі (Алматы қ.).
  • 1964 жылдан - Алматы аң терісі комбинаты директорының орынбасары - бас экономисі.
  • 1966 жылдан - ҚазКСР Министрлер кеңесі жеңіл өнеркәсіп бөлімінің аға референті.
  • 1970 жылдан бері - ҚазКСР 50-жылдығы атындағы Алматы аң терісі комбинатының (1992 жылдан - «АпПам» АҚ, 1998 жылдан - «АпПам» ЖАҚ, 2006 жылдан - «АлПам» ЖШС) бас директоры. Алматы еңбекші депутаттар қалалық кеңесінің депутаты (1972-1996), Алматы қалалық Өнеркәсіп және сауда жөніндегі комиссиясының төрағасы. Ол жетекшілік еткен комбинат КСРО (1976) және ҚазКСР (1981) ХШЖК Аптын құрмет кітабына енгізілген, Халықтар достығы орденімен марапатталған (1985). 12 жылдың ішінде комбинат ҚКП ОК, ҚазКСР Министрлер кеңесінің, Қазкеңескәсіп және Қазақстан ЛКЖО ОК ауыспалы Қызыл Туын үнемі жеңіп алған (1973-1984).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub