Сәресі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәресі- ораза ұстау кезінде түннің үшінші бөлігінде ішетін тамақ. Сәресі тамағының ерекшелігі туралы көптеген хадистер бар. Мысалы, «Сәресі үшін ояныңыздар,өйткені сәресіде береке бар». Сондықтан ораза ұстаған мұсылмандар үшін сәресінің үлкен мәні бар. Сәресінің уақыты жайлы Құран Кәрімде: «ақ жіп пен қара жіп ажыратылғанға дейін жеп ішіңдер» («Бақара», 187-аят) делінген. Көпшілік ғұламалардың Сәресі уақыты жайлы тоқтамы: «Пайғамбар (с.а.у.) сәресіні бітіріп, ауыз бекіткеннен кейін Құран Кәрімнен елу шақты аят оқитын еді, я болмаса сондай бір уақыт мөлшері өтуін күтетін. Одан кейін таң намазын оқитын» деген сөз. Бұл ауыз бекіткеннен бастап күн шыққанға дейінгі аралықты 75 - 90 мин деп белгілеуге мүмкіндік береді.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub