Сәнен Сәмиғұллақызы Әжиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәнен Сәмиғұллақызы Әжиева (1929 жылы туған, Бейнеу ауданы Байқұл қажы мешіті) – мәдениет қызметкері. ҚР мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкер. Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген<ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;</ref> (1951). 1946 – 55 ж. Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінде орындаушы, 1951 – 53 ж. Чайковский атындағы училищеде мұғалім, 1955 – 58 ж. Шымкент қаласындағы музыка мектебінің, 1958 – 84 ж. Шымкент музыка училищесінің директоры қызметтерін атқарды. Мәскеуде өткен Қазақстанның онкүндігіне (1949), Қазақстан дегелациясының құрамында Қытай Халық Республикасының бір жылдығы мерекесіне (1950), Бухарестте өткен студенттер мен жастар фестиваліне (1953) қатысқан. Музыка училищелерінің «Қазақ ұлт аспаптарының домбыра сыныбына арналған бағдарламасын» жазып шығарған. «Еңбектегі ерлігі үшін» (1974) медалімен, КСРО «Орта білім беру ісінің үздігі» (1982) белгісімен марапатталған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сәнен Сәмиғұллақызы Әжиева|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}