Сәмит Далдабаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Далдабаев Сәмит (5.11. 1938 жылы туған, Жалағаш ауданы Еңбек ауылы Ынтымақ мекені) – қайраткер, Қазақ КСР-на еңбек сіңірген ауыл шарушылығы қызметкері (1973), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (1998). Алматы зоотехникалық – малдәрігерлік институтын (ҚазҰФУ),СОКП жоғарғы партия мектебін бітірген (1961). 1961 – 64 жылы Тереңөзек ауданында (қазіргі Сырдария ауданы) бас мал дәрігері, малдәрігерлік станциясының бастығы, 1965 – 74 жылы Тереңөзек ауданындағы Кеңесі атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, аудан ауыл шаруашылық басқармасының бастығы, Жалағаш аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, 1975 – 79 жылы Сырдария ауданы Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1979 – 89 жылы Жаңақорған аудандық партия комитетітінің бірінші хатшысы, 1989 – 91 жылы облыс партия комитетінің хатшысы, 1991 – 92 жылы облыс Кеңес төрағасының кеңесшісі, облыс атқару комитетінің бірінші орынбасары, Жалағаш ауданының әкімі (1992 – 97), 1998 жылдан облыс тәртіптік кеңестің төрағасы. «Құрмет белгісі», Халықтар достығы ордендерімен, медальдармен марапатталған. Жаңақорған, Жалағаш аудандарының құрметті азаматы.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сәмит Далдабаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}