Сәлкен Хасенұлы Сұбханбердин
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сәлкен Хасенұлы Сұбханбердин (04.05.1914, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы – 09.05.1986, Алматы) – фармацевт-ғалым, драматург, медицина ғылым докторы (1972), Қазақстанға еңбегі сіңірген фармацевті (1965).
Мәскеу медицина институтын бітірген (1959). Сұбханбердин Семейдегі өлкелік фармацевтика техникумы оқу бөлімінің меңгерушісі (1933 – 1935), директоры (1935 – 1938), Алматы (1938 – 1942) және Жамбыл (1942 – 1945) облыс, республика (1948 – 1973) дәріхана басқармаларының меңгерушісі, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі (1973 – 1975) қызметтерін атқарды. Сұбханбердиннің негізгі ғылыми жұмыстары Қазақстандағы дәріхана ісінің даму тарихына арналған. Сұбханбердиннің басшылығымен Дәрігерлер білімін жетілдіру институтында фармацевтика кафедрасы ұйымдастырылды, орта медицина оқу орындарында фармацевтика факультеті, Шымкент қаласында фармацевтика институты, Алматы қаласында фармацевтика факультетикасы ашылды.
Оның “Дәрі – дертке дауа, жанға шипа” (1965), “Өсімдік дәрі-дәрмек қоймасы” (1968), “Денсаулығыңды ойласаң” (1974, М.Әлімбаевпен бірге) атты еңбектері, “Шындық”, “Сатып алған ауру”, “Жаңа жандар”, т.б. пьесалары “Шындық” атты жинаққа енген (1977).
74 ғылыми еңбектің авторы. 2 рет “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}