Сәлима Сағиқызы Құнанбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәлима Сағиқызы Құнанбаева (11.11.1943 ж.т., Алматы облысы Үштөбе қ.) – филология ғылымдарының докторы (1992), профессор (1996), Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі (1997). ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері.

Алматы шет тілдері институтын (1965, қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) және аспирантурасын (1975) бітірген. Орта мектепте мұғалім (1965–67),Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) оқытушы (1967–70), Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде кафедра меңгерушісі (1972–86), проректор (1992–98) қызметтерін атқарды. 1998 жылдан осы университеттің ректоры. 1991 ж. «Қазақ көркем мәтініндегі қарқындылық мәселесі» деген тақырыпта доктор диссертация қорғады. 100-ден астам ғылым жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның, 5 оқу құралының авторы. «Құрмет» орденімен марапатталған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сәлима Сағиқызы Құнанбаева|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}