Сәлем салу

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сәлем салу - дәстүр.

Келіннің жанұядағы құрметі мен әдептілігінің белгісі, ата-енесіне, қайын жұртына деген құрметі мен сәлемі. Беташар кезінен бір сәлем салу басталады. Сәлемді ата-баба салтымен тізесін бүгіп салады. Ал сәлемге ие болған адам: - Бақытты бол, балам! - деп ықыласын білдіреді немесе қарт аталар мен аналар жас келіннің маңдайынан иіскеп, бақыт пен берекет тілейді. Жас келін бір үйдің берекесін кіргізетін болашақ ана болғандықтан, ата-ене үйлі-жайлы болып, бала-шағалы болуларына үлестерін қосады. "Жақсы келін - қызыңдай, жақсы күйеу - ұлыңдай" деп қазақ даналары бекер айтпаған.

Келіннің келін болып түсе сала, өзіне артылған міндеттері бар. Таңертең ерте шай қою, дастарқан жайып шай беру, үй тазалығы, ауылды жерде - ошақ басындағы қызметі, сиыр сауып, күбі пісу. Келін болып түскен күннің ертеңіне-ақ, таңертеңгісін, осы тірліктерге араласпас бұрын, ізеттілік көрсетіп, ата-енесіне тізе бүгіп, сәлем салады. Келін үлкендер алдында орамал тартып жүреді. Ол да ұлкендерге көрсеткен құрмет.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Суретсіз мақала