Сәлемдеме

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жарасты әрі әдемі дәстүрдің бірі осы сәлемдеме. Ол адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тағамы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат, бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме келген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады. Үлкендер мұндайда көзіне жас алып, оны көрші-көлемдеріне, балаларына айтып мақтанады, сол адамды еске алады. Сәлемдеме – адамды адамның ұмытпай жүруінің, берік достығының, адал көңілінің алтын кілті. «Сәлем берген саулық береді» дейді халық. Ал сәлемдеме берудің мән мағынасы одан да биік.


Дереккөздер

Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.