Сәкен Өзбекұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сәкен Өзбекұлы (22.1.1951, Алматы облысы Жамбыл ауданы Самсы а. – 18.7.2009, Алматы қ.) – заң ғылымының докторы (1999), профессор (2000), ҚР Заң ғылымынының академиясының академик (2004). ҚР Гуманитарлық ғылымының академиясының корресподент мүшесі.
- 1979 ҚазМУ-ды ( қазіргі ҚазҰУ) және Қазақстан Ғылым Акадмиясының Философия және құқық институтының аспирантурасын (1983) бітірген. Осы институттта кіші ғылым қызметкер, ҚазҰУ-да оқытушы, Д.Қонаев атынд. университеттің проректоры.
- 1980–1999 ҚР ҰҒА Мемлекет және заң институтының аға ғылым қызметкері
- 2004 жылдан Орта Азия университетінің проректоры қызметін атқарған.
Ғылыми жұмыстар
1998 ж. «ХVІІ ғасырдың соңы – XX ғасырдың бас кезінде Қазақстандағы саяси-құқықтық ой-пікірдің тарихы және қайраткерлері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
Негізгі ғылым еңбектері мемлекет және құқық теориясы мәселелерін, саяси-құқықтық ілімдер тарихын, Қазақстан мемлекеті мен құқығының тарихын зерттеуге арналған.
200-ден астам ғыл. жарияланымның, 10 монографияның авторы.<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>.
Дереккөздер
<references/>