Сәкен Жайлаубайұлы Оспанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәкен Жайлаубайұлы Оспанов 1959 жылы 16 шілдеде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу ауылында туған. Қазақ. Қарағанды педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетін (1981) дене шынықтыру мұғалімі мамандығы бойынша; Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін (2006) құқықтану бакалаврі мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1976 жылдан - «Ертісарнақұрылыс» тресінің ӨМК-77 жұмысшысы (Жаңаарқа ауданы Атасу кенті). 1977 жылдың мамырынан - Жаңаарқа орман шаруашылығында жүргузіші (Атасу кенті). 1977 жылдың тамызынан - Қарағанды педагогикалық институтының студенті. 1981 жылдың шілдесінен - Атасу көнті локомотив депосының өндірістік гимнастика нұсқаушы-әдіскері. 1981 жылдың қыркүйегінен - «Ертісарнақұрылыс» ӨМК-78 жүргізушісі (Жаңаарқа ауданы Атасу кенті). 1981 жылдың қарашасынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1983 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Ағадыр аудандық комсомол комитеті комсомол үйымдары бөлімінің инструкторы (Жаңаарқа ауданы Атасу кенті). 1984 жылдан - БЛКЖО есеп және облыстық комсомол комитетінің статистикасы секторының меңгерушісі (Жезқазған қаласы). 1986 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облысы Шет аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1988 жылдан - Қарағанды облысы Шет ауданы «Бурмин» кеңшары партия комитетінің хатшысы. 2001 жылдан - «Аружан» шаруа қожалығының басшысы (Жаңаарқа ауданы Атасу кенті). 2010 жылдың мамырынан - Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы орынбасарының м.а.; 2010 жылдың шілдесінен - басқарма бастығының орынбасары. 2010 жылдың тамызынан бері - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімі.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub