Сәйдім Тумышев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тумышев Сәйдім (1912, Бозащы түбегі, Шат қыстауы – 1991) – еңбек ардагері. Есепшілер курсын бітірген (1932). 1932 – 1939 жылдары Қызылқорған ұжымшарында есепші, Форт-Шевченко қалалық «Ұжымшаржолы» газетінде корректор, Шевченко ауданы атқару комитетінің нұсқаушысы, 1940 – 1941 жылдары Н.Крупская атындағы өндіріс комбинатының меңгерушісі, 1948 – 1956 жылдары қалалық кеңестің төрағасы, аудандық жол бөлімінің, сауда бөлімінің меңгерушісі, 1956 – 1962 жылдары Шевченко ауданы Қызылөзен ауылы кеңестің төрағасы, Форт-Шевченко қалалық паркінің директоры қызметтерін атқарған. Тумышев Форт-Шевченко қаласы мен Сенек елді мекенінің арасына жол салу ісіне басшылық еткен. Қазір ұзындығы 400 км болатын бұл жол Сәйдім жолы деп аталады. Бірнеше рет Құрмет грамоталарымен марапатталған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сәйдім Тумышев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}