Сәдубаева Бақыткамал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәдубаева Бақыткамал1949 жылы 28 мамырда Семей облысы Ақсуат ауданы, Көктүбек селосында дүниеге келген. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

Мектепті бітірген соң Семей педагогикалық институтына түсіп математика пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты. Кейін Мәскеу полиграфия институтында инженер-технолог мамандығы бойынша оқыды.

1999 жылы Б. Сәдубаева қалалық Әйелдер Кеңесінің ұсынуымен қалалық мәслихатына депутат болып сайланды.

«Семей Полиграфия» ААҚ жанынан 1850 жылдан бері полиграфия тарихын танытатын тұңғыш полиграфия, мерзімді басылым және кітап басу мұражайы ашылды.

Бақыткамал Сәдубаева қоғамдық жұмысқа белсене араласқандығы үшін бірнеше мәрте республикалық, облыстық және қалалық деңгейде құрмет грамоталарымен және «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрмет белгілерімен марапатталған.

Бақыткамал Сәдубаева 8 жылдан бері республикадағы ең байырғы баспахананы басқарып келеді және «Семей Полиграфия» ААҚ президенті.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}