Сәдуақас Тортай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәдуақас Тортай1954 жылғы 20 сәуірде Көкшетау облысы, Щучье ауданының Кіндікқарағай ауылында дуниеге келген. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 жылы — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>.1977 жылы Қарағанды университетінің филология факультетін тәмамдаған. 1979—1995 жылдары "Жазушы" баспасында редактор болып қызмет істеді. Қазір Премьер-Министр Кеңесінің Үкіметтік басылымдар редакциясында бас сарапшы. "Тұңғыш" (1978), "Жартастағы жаңғырық" (1981), "Жұмбақтас" (1982), "Биші қайындар" (1986), "Айнакөл айшықтары" (1989) сияқты жыр жинақтары жарық көрді. Тарихи-танымдық "Наурызбай би және туған өлке тарихы" (2000), "Ел мен жер" (2003) кітаптарының авторы.

Украин жазушылары И.Франко мен И.Драчтың, беларусь Я.көластың,Ко-рей Мен До Нуктың, молдован Г.Блэнаурдың, югослав Джылы Катичтың еңбектерін, монгол ақындарының Шығармаларын, сондай-ақ Ю.Поройковтың "Қас-қағым сәт" атты кітаптарын аударып, қазақ оқырмандарына үсынды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}